423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрік әуе компаниялары Boeing 737 ұшақтарына тыйым салды

  • 1056
  • UPD: 12:02, 13.03.2019
Түрік әуе компаниялары Boeing 737 ұшақтарына тыйым салды

Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан бүкіл әлем бойынша әуе компаниялары Boeing 737 лайнерлерінің ұшуын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрік әуе компаниялары да «Boeing 737 MAX 8» бен «Boeing 737 MAX 9» типті ұшақтарының әуеге көтерілуіне тыйым салды. Бұл туралы елдің көлік және инфрақұрылым министрлігі хабарлайды. Оған лайнердің соңғы 5 айда екінші рет құлауы себеп. Осылайша «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артып отыр. Бұған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Сондай-ақ бірқатар мемлекет аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ethiopian Airlines әуе компаниясына қарасты «Boeing 737» ұшағы апатқа ұшырып, 158 адам мерт болды. Былтыр да қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы