385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда лаңкестіктен қаза тапқандардың саны артты

  • 396
Жаңа Зеландияда лаңкестіктен қаза тапқандардың саны артты www.aa.com.tr

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге шабуылдан қаза тапқандардың саны артып, 50-ге жетті.

Ауруханада жатқан Сауд Арабиясының азаматы алған жарақатынан көз жұмды. Тағы 11 адам ауыр халде. Жапа шеккендерге қолдау орталығы ашылған. Ал шабуылды ұйымдастырған 28 жастағы австралиялық Брентон Тарранттың қамауы ұзартылды. Тағы екі күдіктіден жауап алынып жатыр. Жаңа Зеландия билігі қаруды иелену туралы заңға өзгеріс енгізу мүмкін екенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, кеше Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреулер екі мешітке кіріп, жұма намазына жиналған адамдарға оқ жаудырған. 50 адам қаза тауып, тағы елуге жуық тұрғын жарақат алды. Таррант терактіні фейсбукте тікелей таратқан. Алдын ала тергеуде байқалды, ол шабуылға бірнеше жыл бойы дайындалған секілді.

Хабар 24 телеарнасы