377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ халқы саясаткерлерді өз ісіне жауапты болуға шақырды

  • 120
  • UPD: 08:53, 27.03.2019
АҚШ халқы саясаткерлерді өз ісіне жауапты болуға шақырды

Түрлі ұйымдар жариялайтын әлем елдері тұрғындарының бақыт сезу рейтингтері үкіметтер мен сарапшылардың назарынан тыс қалмайды.

Осындай зерттеулер экономикалық және әлеуметтік үрдістерді білуге көмектесіп, мемлекеттік бағдарламаларда халық мүдделерін ескеруге мүмкіндік беріп жүр. АҚШ-тағы тілшілеріміз елдің қарапайым тұрғындарынан бақытты қалай сезетінін білуге тырысқан. Нәтижесінде олар ең алдымен отбасының амандығын тілейді екен, бірақ жұмысын да ұмытпай, саясаткерлерді өз ісіне жауапты болуға шақырып отыр.  

Ричард, Нью-Джерси қаласының тұрғыны:

- Әйелім мен балаларымның арқасында өзімді бақытты санаймын. Қазір мен зейнетке шыққанмын. Бірақ жұмысым да маған ұнайтын. Шатдаунға қатты наразымын, бұл халықты алдау ғой, мұны бәрі түсінеді. Осының кесірінен миллиондаған адам қиналып жүр. 

Мэтью, Нью-Йорк қаласының тұрғыны:

- Мен үшін бақыт деген - отбасымен бірге болу. Саясат пен үкіметті жақтырмаймын. Шатдаунның салдарынан көптеген адам зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы