379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея түбегі елдері ядролық қарудан бас тартады

  • 141
Корея түбегі елдері ядролық қарудан бас тартады

Корея түбегі елдері ядролық қарудан бас тартпақ.

Оларға Қазақстанның бағыты – үлгі. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде қос тарап осы бастаманы жан-жақты саралады. Түбекте 25 жыл көлемінде үлкен арнайы мониторинг жүргізілген. Тіпті Оңтүстік және Солтүстік Корея Президенттері үш мәрте кездесіп, пікір алмасты.

Си Хён Ли, Корей қорының президенті:

– Мен экономикалық даму ниетімен ядролық қарудан бас тартқан бір ғана елді білемін. Бұл – Қазақстан. Бүгінде Оңтүстік Корея осы мәселеге қатты ден қойып жатыр. Менің ойымша, сіздердің бағыттарыңыз – бізге үлгі. Оңтүстік Кореямен бірігіп, аталған қарудан түбегейлі бас тарта аламыз деп сенемін.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

– Елбасымыздың ядролық қарудан бас тартуы бүкіл әлем басшыларына ой салғаны анық. Өткен жылы Корея мен Қазақстан қорлары меморандумға қол қойған болатын. Бүгін алғашқы кездесу өтіп жатыр. Мұндағы мақсат – атомды бейбіт мақсатты қолданудың тиімділігін айқындау.

Хабар 24 телеарнасы