379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit мерзімі 2020 жылға дейін ауыстырылуы мүмкін

  • 146
  • UPD: 16:03, 03.04.2019
Brexit мерзімі 2020 жылға дейін ауыстырылуы мүмкін

Еуроодақ Ұлыбританияның ұйымнан шығу күнін 2020 жылдың қаңтар немесе сәуір айына ауыстыруы мүмкін.

Бұл туралы «Файненшл таймс» газеті жоғары хабарлады. Басылымның жазуынша, Брюссель келісімсіз брекситтің орынына осындай ұсыныс жасауы ықтимал. Ал премьер-министр Тереза Мэй кеше министрлерімен 8 сағаттық отырыстан кейін Одақтан брекситті кейінге шегеруді сұрайтынын мәлімдеген. Себебі бір күн бұрын қауымдар палатасы «брексит» бойынша тағы 4 ұсынысты қабылдамай тастаған. Мэй енді «брексит» келісімін оппозиция жетекшісі Джереми Корбинмен талқылауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания парламенті үкіметтің брексит бойынша келісімінен үш рет бас тартқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы