379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та пикап пен өрт сөндіру көлігі соқтығысты

  • 96
АҚШ-та пикап пен өрт сөндіру көлігі соқтығысты

Америка Құрама Штаттарында пикап пен өрт сөндіру көлігі соқтығысып, үш адам ажал құшты.

Қайғылы оқиға Феникс қаласында болған. Өрт сөндірушілер жедел шақыртуға бара жатып жеңіл көлікке соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, пикап жүргізушісі өрт сөндіру көлігінің дабылын елемеген. Жол апатынан бір ер адам мен бір әйел және 6 айлық сәби көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы