383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондон, Нью-Йорк және Шанхай 2100 жылға қарай су астында қалуы мүмкін

  • 227
  • UPD: 11:50, 22.05.2019
Лондон, Нью-Йорк және Шанхай 2100 жылға қарай су астында қалуы мүмкін inform.kz

Осы уақытқа дейін атмосфераға көміртегі диоксиді шығындыларын тастау тоқтатылмаса, 2100 жылға қарай теңіз деңгейі бір метрден жоғары көтерілуі мүмкін деп есептеліп келген еді.

Алайда, британдық және америкалық ғалымдардың бірлескен зерттеулері нәтижесінде бұл көрсеткіш мүлдем өзгеше болып шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Гренландия және Антарктикадағы мұз жабындылары аумағының азаю қарқынына қарап ғалымдар әлемдік мұхиттардағы су деңгейінің нақты өсу қарқыны екі есе жоғары болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Климаттың өзгеруі салдарынан Лондон, Нью-Йорк және Шанхай қалаларын су басып қалуы мүмкін. Миллиондаған адамның өмір сүру үшін басқа орын іздеуіне тура келеді.

Америкалық Ұлттық ғылым академиясының журналында жарияланған ғалымдардың болжамына сүйенсек, атмосфераға СО2 шығындыларын тастау тоқтатылмаса, 2100 жылға қарай жаһандық орташа температура 5 градусқа және мұхит деңгейі 62-ден 238 см-ге дейін көтеріледі.

Осының салдарынан 1,79 миллион шаршы шақырым жер су астында қалып, 187 миллион адам мекендеу орнын өзгертуге мәжбүр болады.

Хабар 24 телеарнасы