389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония қыздары жұмыста биік өкшелі аяқ киім киюге қарсы шықты

  • 506
Жапония қыздары жұмыста биік өкшелі аяқ киім киюге қарсы шықты Tv.ua

Жапондық әйелдер жұмыста биік өкшелі аяқ киім киюді міндеттейтін ережеге қарсы шықты.

Бұл бастаманы актриса әрі жазушы Юми Исикава көтерді. Оның пікірінше, аталған ереже нәзік жандылардың құқығын шектейді. Жапониядағы қыз-қырқын әлеуметтік желідегі науқанға KuToo (Ку Ту) хэштегі арқылы қосылып жатыр. Бұл хэштег жапонның «кутсу» сөзінен шыққан. Жапон тілінен аударғанда, бұл сөз аяқтың қажағанын білдіреді. Осылайша, белсенділер жұмыста биік өкшелі туфли дресс-кодын жоюды талап етуде. Онлайн петицияға 19 мыңға жуық адам қол қойып үлгерген. 

Хабар 24 телеарнасы