382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эвересттен 11 тонна қоқыс жиналды

  • 73
  • UPD: 18:56, 08.06.2019
Эвересттен 11 тонна қоқыс жиналды

Әлемдегі ең биік Эверест тауында қоқыс көбейген. Оны Непал үкіметінің ұйымдастыруымен өткізген тазалық шарасы көрестіп отыр.

20 непалдық бірнеше апта ішінде таудан 11 тонна қоқыс жинап, 4 адамның өлі денесін тапты. Шара таудың кей тұстарында қар еріген соң жүргізілді. Сондықтан жергілікті билік Эверестте әлі нақты қанша қоқыс жатқанын айту қиын деп отыр. Табылған 4 мәйіттің де әзірге кімдікі екені белгісіз. Ал ресми дерекке сүйенсек 1935 жылдан бері Эверест тауында 300-ден астам альпинист көз жұмған екен.

Дорджи Шерпа, Сагарматха паркінің қоршаған ортаны қорғау комитетінің басшысы:

- Меніңше, тауға шыққысы келетін альпинистерді азайту керек. Себебі олардың әрекетінен аймақтағы табиғаттың ластануы күшейген. Осы мәселені қарастыру қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы