388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада автобус апатынан 15 адам қаза тапты

  • 317
  • UPD: 09:34, 02.07.2019
Аргентинада автобус апатынан 15 адам қаза тапты Insure.travel

Аргентинаның Тукуман провинциясында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 15 адам қаза тапты. Тағы 44 жолаушы зардап шекті. Мендос қаласынан шыққан автобус бұрылыста аударылып кеткен. Алдын ала деректерге сай көлік жүргізушісі қалың тұман салдарынан көлікті басқара алмай қалған.

Айта кетсек, апат кезінде көлік ішіндегі жолаушылардың басым бөлігі курортқа жол тартқан зейнеткерлер болыпты.

Хабар 24 телеарнасы