386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда бензин бағасы қымбаттады

  • 135
  • UPD: 23:43, 23.07.2019

Грузиядағы жанармай сататын стансалардың көбісі бензин бағасын көтерді. Мамандар мұны сатылымның азаюымен байланыстырып отыр.

Олардың мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы жарты жылында былтырғымен салыстырғанда мұнай өнімдерінің импорты 6%-ға қысқарған. Жанармай бағысының қымбаттауына тағы қандай жағдайлар себеп болды? 

Соңғы бір айда Грузияда жанармай бағасы екінші рет қымбаттады. Өткен аптада бензин бағасы шамамен 17 центке өскен. Шілде айының басында сұйық отын тап осындай мөлшерге қымбаттаған еді. Оған халықаралық нарықта бензин бағасының өсуі де түрткі болды.

Вахтанг Иобашвили, Грузия мұнай өнімдерін импорттаушылар одағы төрағасының орынбасары:

-Біз халықаралық нарықтарға және кез-келген саяси дағдарысқа тәуелдіміз. Мәселен иран танкерін қамауға алу халықаралық нарыққа әсер етті. Ал өздерінің мұнайы жоқ елдерге мұның бәрі ауыр тиеді.  Біз мұнай өнімдерін долларға сатып алып, өз нарығымызда ұлттық валютаға сатамыз. Ал лари бағамының тұрақсыздығы жанармай бағасына тікелей әсер етіп отыр. 

Грузия ұлттық валютасының бағамы айдың ортасында ең төмен көрсеткішке түсті. Ал жанармай бағасы керісінше соңғы ондаған жылдардағы ең жоғары деңгейге шарықтаған. Бұған әсіресе көлік жүргізушілері наразы.

Гига Бердзадзе, такси жүргізушісі:

-Бензинның осыншама қымбаттағаны жаман. Егер бағасы одан әрі өссе, шығынға батамыз. Ертең қалай күн көретінімізді білмеймін.

Нодари Берикашвили, такси жүргізушісі:

- Бензиннің қымбаттауы азық-түліктен бастап барлық тауардың бағасына әсер етеді. Бензин бір жарым лариден қымбат болмауы керек. Ал қазірге оның бағасы екі жарым - үш лари.

Сарапшылардың да болжамы көңіл көншітпейді. Үкімет пен Ұлттық банк валюта бағамын тұрақтандыруы тиіс. Әйтпесе елде өзге де өнімдер бағасы өсетін түрі бар.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы