386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тутанхамонның табыты жөндеу жұмыстарынан өтеді

  • 126
Тутанхамонның табыты жөндеу жұмыстарынан өтеді

Әлемге әйгілі Тутанхамон табыты ашылуынан кейінгі алғаш рет жөндеу жұмыстарынан өтетін болды.

Жұмыс басталысымен мамандар перғауынды арнайы пластик инкубаторына орналастырды. Ал саркофагтың өзін залалсыздандыру үшін тиісті процедурадан өткізеді. Жалпы жөндеу жұмыстарына 8 ай уақыт берілген. Мамандардың айтуынша, аймақта 2020 жылы жаңадан ашылатын мұражайда Тутанхамонның 5 мыңнан астам заттары бір жерге жиналып, жұртшылықтың назарына ұсынылатын болады. Ал бұған дейін олар Каир, Луксор мен әскери мұражайларда сақталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы