385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО мен Австралия жаңа шартқа қол қойды

  • 164
  • UPD: 23:53, 07.08.2019
НАТО мен Австралия жаңа шартқа қол қойды

НАТО мен Австралия жеке серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты.

Құжатқа Солтүстік альянс ұйымының басшысы Йенс Столтенберг пен Австралия Қорғаныс министрі Линда Рейнолдс қол қойды. Келісім екі арадағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, Австралия 1989 жылдан бері АҚШ үшін «НАТО-дан тыс негізгі одақтас мемлекет» болып саналады. Америка мұндай мәртебені осы ұйымға кірмейтін кей одақтас елдермен тығыз байланыс орнату үшін қолданады.

Хабар 24 телеарнасы