386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың бірқатар әуежайында бақылау жүйесі істен шықты

  • 127
  • UPD: 23:26, 17.08.2019
АҚШ-тың бірқатар әуежайында бақылау жүйесі істен шықты

АҚШ-тың бірқатар әуежайында бақылау жүйесі істен шығып, қиындық туындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди, Вирджиния штатындағы Даллас және Лос-Анджелестегі халықаралық әуежай бар. Кеден және шекаралық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, техникалық ақау жолаушылардың мәліметтерін тексеру жүйесінен шыққан. Салдарынан рейстер кейінге шегеріліп, ұзақ-сонар кезек пайда болды. Себебі, тексеруге компьютер жұмыс істемейді. Билік жүйені барынша тез қалпына келтіруге уәде еткен.

Хабар 24 телеарнасы