387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония Кореямен даулы аймақта әскери жаттығудың өткізілуіне қарсы шықты

  • 181
  • UPD: 22:35, 25.08.2019
Жапония Кореямен даулы аймақта әскери жаттығудың өткізілуіне қарсы шықты

Жапония Оңтүстік Кореяның Токто аралдарында әскери оқу-жаттығу өткізуіне қарсы. Токио бұл жерді өз аумағы санайтынын айтып, жаттығуды тоқтатуды сұраған.

Айта кетейік, даулы Токто аралдары Жапон теңізінде орналасқан. Жапония оны Такэсима аралдары деп атайды. Бірақ қазір бұл аумақ Оңтүстік Кореяның бақылауында. Ресми Токио болса Сеулге аралдың мәртебесін халықаралық сот арқылы шешуді ұсынып келеді. Ал Оңтүстік Корея Токтоны өзінің тарихи жері деп сенеді. Әрі бұған халықаралық соттың араласуына үзілді-кесілді қарсы.

Хабар 24 телеарнасы