386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран және уран: ядролық келісімнің кейбір шарттары сақталмайтын болды

  • 128
  • UPD: 09:17, 08.09.2019

Иран ядролық салаға қатысты барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына шектеуді алып тастамақ. Шара 2015 жылғы ядролық келісімнің міндеттерін қысқарту негізінде жүзеге асырылғалы отыр.

Бұл туралы Иранның атом энергиясы ұйымы мәлімдеді. Тегеран сондай-ақ уранды байытуды 20 пайызға жеткізетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, 2015 жылы АҚШ бастаған 6 мемлекет Иранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша келісім-шартқа қол қойған. Бірақ Вашингтон өткен жылы мамыр айында айында одан бас тартып, бұл елге санкцияларды қалпына келтірді. Ал Тегеран болса еуропалық елдер құжатта алған өз міндеттерін орындамаса, келісімді жоятынын айтып сес көрсетіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы