387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада Greenpeace белсенділері көмір тиелген кемені кері қайтармақ болды

  • 118
  • UPD: 12:42, 11.09.2019
Польшада Greenpeace белсенділері көмір тиелген кемені кері қайтармақ болды

Польшада Greenpeace ұйымының белсенділері көмір тиелген кемені жолдан тоқтатып, алған бағытына кедергі келтірген.

Осылайша экологтар көмірді пайдалануды тоқтатуға шақырып, үкіметтің энергетика саласындағы саясатына наразылық білдірді. Мозамбиктен шыққан кеме жүкті Гданьск портына әкеле жатқан. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Greenpeace ұйымының белсенділеріне күш қолданып, 20 адамды қамауға алды. Қазір олардың 18-і босатылды.

Естеріңізге салайық, өткен жылы Польшаның энергетика министрлігі 2030 жылға дейін көмір қолдануды 60 пайызға азаятынын айтқан болатын. Сонымен қатар жергілікті билік табиғат белсенділеріне 2040 жылға қарай жаңа атом және жел станцияларын салуға уәде еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы