389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мэн штатындағы мүгедектерді оңалту орталығында жарылыс болды

  • 185
  • UPD: 10:54, 17.09.2019
Мэн штатындағы мүгедектерді оңалту орталығында жарылыс болды

Американың Мэн штатындағы мүгедектерді оңалту орталығында жарылыс болды. Салдарынан бір адам көз жұмды.

Тағы жетеуі түрлі деңгейде жарақат алған. Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен 08:30 шамасында Фармингтон қаласында орын алды. Алдын ала ақпарлар бойынша оған себеп – пропанның тарап кетуі. Ғимаратта жарылыс кезінде өрт сөндірушілер мен орталық қызметкерлері болған. Ажал құшқан осы өрт сөндірудің маманы. Ғимарат күлі көкке ұшқан, жөндеуге келмейді. Көршілес нысандарға да зақым келген.

Хабар 24 телеарнасы