389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкалық босқындар Ливиядан қайтарылуда

  • 207
  • UPD: 10:44, 28.09.2019
Африкалық босқындар Ливиядан қайтарылуда BBC

Руандаға БҰҰ-ның арнайы рейсімен 66 адамнан құралған босқындардың алғашқы легі келіп жетті.

Олар бұл елге Ливиядан аттанған. Қоныс аударғандардың арасында 26 бала бар. Босқындар негізінен Эфиопия, Сомали, Джибути және Эритрея елдерінің азаматтары екен. Бастапқыда олар Еуроодақ елдеріне жетпек болған, алайда Ливия аумағында қолға түскен. Айта кетсек, Ливиядағы босқындардың Руандаға қоныс аударуы БҰҰ, Африка одағы және Руанда арасындағы келісімге сай жүргізілуде. Жалпы миграция жөніндегі халықаралық ұйым келтірген дерек бойынша 2019 жылдың басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 68 мың мигрант келген. Оның 970-сі жолда қаза тапқан. 

Хабар 24 телеарнасы