389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілшілерге бет-жүзін жасыруға тыйым салынды

  • 157
  • UPD: 09:31, 05.10.2019

Гонконг басшысы Кэрри Лам ереуіл кезінде маска киюге тыйым салды. Дәл сол күні жаңа ережеге наразы болған жүздеген адам қала көшелеріне шықты.

Енді бет-әлпетті жасырған жағдайда азаматтар 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 3200 доллар көлемінде айыппұл төлейді. Жалпы Гонконгте наразы жұрттың басым бөлігі ереуілге бет-әлпеттерін жасырып шығады. Сондықтан тәртіп сақшылары заңсыз шеру белсенділерін анықтау үшін бояу қосылған су атқыштарды қолданады. Осылайша киім мен денеге жағылған бояу ізімен олар ереуілшілерді іздеп тауып, жауапқа тартады.

Хабар 24 телеарнасы