389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия жұрты климатқа байланысты ереуілге шықты

  • 129
  • UPD: 09:49, 08.10.2019
Австралия жұрты климатқа байланысты ереуілге шықты

Австралия жұрты ереуілге шықты. Олар жаһандық жылынуды назарсыз қалдырмай, биліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрекет етуді талап етіп отыр.

Наразы топ Сиднейдегі темір жол вокзалының жанындағы көшені жауып тастаған. Салдарынан полицейлер 30-ға жуық адамды қамауға алды. Жаңа Зеландия халқы да билікке осындай талап қойып, ереуілге шыққан. Мұнда жүздеген адам парламент жанына жиылған. Бірнеше ереуілшінің қамауға алынғаны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы