389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мона Лиза» бұрынғы орнына қайта ілінді

  • 138
  • UPD: 07:46, 10.10.2019
«Мона Лиза» бұрынғы орнына қайта ілінді

Леонардо да Винчидің атақты «Лиза дель Джоконда ханымның портреті» бұрынғы орнына қайта ілінді.

Туынды тұрған зал жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылып отыр. 2 айдан астам мезгілде суретті қорғайтын шыны панелі ауыстырылған. Сонымен қоса зал қабырғалары бұрынғыдай сары емес, көк түске боялған. Бұл суреттің фонын айқындау үшін жасалыпты. Айта кеткен жөн, Гиннесс рекордтар кітабының мәліметінше, «Мона Лиза» суреті әлемдегі ең қымбат өнер туындысы саналады. Ол ілулі тұрған залда 15 жыл бойы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Негізі атақты туындыны көру үшін Луврға күнделікті орта есеппен 30 мың адам келеді екен. 

Венсан Дельевен, өнертанушы:

– «Мона Лизаның» қорғаныс шынысы 15 жыл бойы алмастырылмаған еді. Біз бұл уақыт ішінде дамып кеткен озық технологияларды пайдаланып, суретке өте мөлдір шыны қойдық. Бұл туындыға өте жақын тұрғандай әсер береді.

Хабар 24 телеарнасы