389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімді мақұлдады

  • 205
  • UPD: 16:46, 17.10.2019
ЕО мен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімді мақұлдады

ЕО мен Лондон Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

«Бұл ЕО мен Ұлыбритания үшін әділ әрі салмақты шешім болды. Сондай-ақ, ол біздің мәселенің шешімін іздеп жатқандығымыздың дәлелі»,– деп жазды Twitter -де Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер. Ол 17-18 қазанда өтіп жатқан ЕО саммитінде Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшыларына келісімді мақұлдауға кеңес береді. Сондай-ақ, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Twitter- де Еуроодақтан шығу бойынша келісімге қол жеткізгенін жазды. «Біз бақылауды қайта қолға алуға мүмкіндік беретін жаңа керемет келісім жасастық. Енді басқа да басым мәселелерге көңіл аудара алуымыз үшін парламент Brexit-ті сенбі күні аяқтауы керек», – деп жазды ол.

Хабар 24 телеарнасы