419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливанда ереуіл бәсеңсімей тұр

  • 679
  • UPD: 11:57, 20.10.2019
Ливанда ереуіл бәсеңсімей тұр

Ливанда жаппай ереуіл басылар емес. Бұл жолы салықтың өсуі мен шенеуніктердің жемқорлығына қарсылық танытқан он мыңдаған халық көшеге шықты. 

Мемлекеттік туды ұстаған наразы жұрт Бейруттегі үкіметтік ғимараттың маңына жиналды. Олар Ливан саяси жүйені толығымен өзгертуі керек деп отыр. Дәл осындай қарсылық акциясы елдің солтүстігіндегі Триполиде де жалғасты. Айта кетейік, Ливандағы жағдай 17 қазан күнгі үкіметтің шешімінен кейін ушыққан еді. Сасясаткерлер ғаламтор арқылы қоңырау шалуға арналған бағдарламаны қолдану үшін ай сайын 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Ереуілдер өршіген соң, билік бұл шешімінен бас тартты. Десе де, ливандықтар енді биліктің түбегейлі отсавкаға кетуін талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы