388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде су тасқыны салдарынан 237 мыңнан аса адам далада қалды

  • 94
  • UPD: 15:36, 02.11.2019
Сомалиде су тасқыны салдарынан 237 мыңнан аса адам далада қалды

Сомалиде су тасқыны салдарынан 237 мыңнан аса адам баспанасынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үй-жайсыз қалғандардың дені өзен жағасында орналасқан Беледу Эйне қаласының тұрғындары. Шаһардың көп бөлігін су басқан. Қапталдағы ауылдарда да ұқсас жағдай. Негізі, биыл Сомалиді алапат қуаңшылық жайлаған болатын. Алайда қазанның басынан бері нөсер толастамай, енді тұрғындар топан судың зардабын тартуда.

Хабар 24 телеарнасы