384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп өртпен арпалысып жатқан Калифорния билігінің жұмысын қатаң сынға алды

  • 248
Трамп өртпен арпалысып жатқан Калифорния билігінің жұмысын қатаң сынға алды

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния аумағында ушығып тұрған өрт жергілікті тұрғындарға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өңірден мыңдаған тұрғынды эвакуациялауға кірісті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ауа райының қолайсыздығы кедергі болып тұр. Қызыл жалын жолындағының бәрін жайпап жатыр. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп өртпен арпалысып жатқан Калифорния билігінің жұмысын қатаң сынға алды. Өзінің твиттердегі парақшасында Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомның дер кезінде тиісті шараларды қолға алмай, енді федералды биліктен көмек сұрай беретінін айтқан. Сонымен қатар өртті сөндіру үшін өзен суын пайдалануды ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы