378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tesla-ның Еуропадағы алғашқы зауыты Берлинде салынбақ

  • 271
  • UPD: 09:41, 14.11.2019
Tesla-ның Еуропадағы алғашқы зауыты Берлинде салынбақ

Америкалық электромобиль өндіретін ауқымды концерн Tesla алғаш рет Еуропада зауыт салмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысан Германияда, яғни Берлиндегі жаңа әуежайдың жанынан тұрғызылады. Зауытта сондай-ақ инженерлік және дизайнерлік орталық жұмыс істейді. Бұл туралы Tesla-ның басшысы Илон Маск мәлімдеді. Берлиндегі зауытта электромобильдің соңғы үлгісінен бастап батареяға дейін өндірілетін болады. Жоба аясында 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы