378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливиядағы ереуілдер басылар емес

  • 226
  • UPD: 08:50, 15.11.2019
Боливиядағы ереуілдер басылар емес

Боливияда бұл жолы Ла-Пас көшелеріне экс-мемлекет басшысы Эво Моралестің жақтастары шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары наразы халықты тарқату үшін көз жасаурататын газ қолданды.

Айта кетейік, Моралестің отставкаға кетуіне 20 қазанда өткен президенттік сайлаудың қорытындысы себеп болған. Жүргізілген тексерулер бойынша дауыс беру үдерісі әділетсіз өткен. Елді жайлаған жаппай ереуілдерден кейін Моралес отставкаға кетеді. Қазір ол саяси пана ұсынған Мексикада. Боливия билігіне уақытша сенатор-демократ Жанин Аньес келді. Жаңа басшы алдағы үш айда президенттік сайлау ұйымдастыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы