427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда ереуілден 54 адам зардап шекті

  • 516
  • UPD: 13:09, 15.12.2019
Ливанда ереуілден 54 адам зардап шекті

Ливан астанасы Бейруттағы ереуілдер басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сенбі күнгі толқулардан 54 адам зардап шеккен. Бірнеше ондаған ереуілші ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары наразы халықты тарату үшін көз жасаурататын газ қолдануда.

Ливанда үкіметке қарсы ереуілдер 17 қазан күні басталған еді. Премьер Саада Харири отсавкаға кетсе де, елдегі толқулар басылар емес. Бұл жолы орталыққа жиналған ереуілшілер парламент ғимаратына кірмек болды. Белсенділерді полиция қызметкерлері таяқпен ұрып тарқатқан. Жауап ретінде наразы жұрт тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Бірнеше сағатқа созылған қақтығыстан 20 полиция өкілі зардап шекті. Айта кетейік, Ливанның экономикалық және қаржылай жағдайы дағдарыстан көз ашар емес. Ел президенті Мишель Аун қазан айының басында мемлекет санкциялардан зардап шегіп келеді деп мәлімдеме жасаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы