431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин Қырым көпірі бойынша пойыз қозғалысын іске қосты

  • 338
  • UPD: 14:01, 24.12.2019
Путин Қырым көпірі бойынша пойыз қозғалысын іске қосты

Ресей Президенті Владимир Путин Қырым көпірі бойынша пойыз қозғалысын іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның құны 200 миллиард рубльден асып жығылған. Президент алғашқылардың бірі болып порттық қала Керчьтен Таманьға дейін жол жүріп барды. Қырым көпірі – Ресейден түбекке жететін жалғыз жол. Бұған дейін тек әуе немесе су қатынастары арқылы ғана Қырымға жетуге болатын еді. Жүк пойыздарының қозғалысы 2020 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінде Мәскеу теміржол вокзалы арқылы Санкт-Петербордан Қырымға дейін алғашқы рейс жолға шықты. Жолаушылар билетті 70 пен 120 доллар аралығында сатып ала алады.

Хабар 24 телеарнасы