419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея еңбек партиясының отырысы АҚШ-қа тосынсый тартуы мүмкін

  • 469
  • UPD: 21:47, 29.12.2019
Солтүстік Корея еңбек партиясының отырысы АҚШ-қа тосынсый тартуы мүмкін

Солтүстік Корея еңбек партиясының отырысы АҚШ-қа «Рождестволық сыйлық» сыйлаумен аяқталуы мүмкін.

Оңтүстік Корея мамандары осылай деп тон пішіп отыр. Себебі,бірнеше апта бұрын Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ли Тхэ Сон Вашингтонға тосынсый жасауға уәде беріп, Америка ұшақтары оның аумағын бақылауды күшейтті. Бірақ Пхеньянның оқыс қимылы байқалмады. Сондықтан енді  сарапшылар Солтүстік Корея еңбек партиясының пленумына көз тіккен. Себебі жиында Ким Чен Ын Вашингтонмен диалогқа қатысты өз ұстанымын жариялауы ықтимал екен.

Ким Ын Хан, Корея республикасы бірігу министрлігінің өкілі:

- Пленумды өткізу туралы әлі ақпарат жоқ, бірақ тоқсаныншы жылдары олар желтоқсанда өткізілген. 1986 жылы оқиға 27 желтоқсанда болды. 2019 жылдың аяғына дейін төрт күн бар, сондықтан біз мұны мұқият қадағалайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы