376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда халық ереуілі басылар емес

  • 138
  • UPD: 13:01, 16.01.2020
Ливанда халық ереуілі басылар емес

Ливанда халықтың ереуілі әлі де басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы жаппай толқулар тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласуда.

Наразы жұрт осы аптаның сейсенбісінен бастап ереуілдетіп жатыр. Жиналғандарды тарату үшін үкімет жасағы көз жасаурататын газ бен шоқпар қолданған. Белсенділер де қарап қалмай, тәртіп сақшыларына тас жаудырып, аймақтағы бірнеше ғимараттар мен кеңселердің тас талқанын шығарған. Бірнеше адам қамауға алынды. Ресми мәлімет бойынша 45 адам жарақат алды. Олардың 35-і ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында БАҚ өкілдері де бар.

Естеріңізге салайық, Ливандағы халықтың үкіметке қарсы ереуілі өткен жылдың қазанынан бастап жалғасып келеді. Жергілікті жұрт биліктен экономикалық реформаны талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы