377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға орман алқаптарын қалпына келтіруге көмектеспек

  • 178
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға орман алқаптарын қалпына келтіруге көмектеспек

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға орман алқаптарын қалпына келтіруге көмек беруге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сеулде өткен конференцияда елдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, Солтүстік Кореяда орман алқаптары жыл санап азайып келеді. 1990 жылдан 2005 жылға дейін ағаш отаудың салдарынан бұл елде 20 мың шаршы шақырымнан аса орман алқабы құрып кету алдында тұр. Бұл – елдегі орманның төрттен бір бөлігі. Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея халықаралық ұйымдармен бірлесіп, ормандарды қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруы қажет.

Бернхард Селигер, Ганс Зайдель қорының Кореядағы тұрақты өкілі:

– Біз бірқатар елмен, оның арасында Қазақстан да бар, ынтымақтасып, Солтүстік пен Оңтүстік Кореяны татулыққа үндеп келеміз. Әрине бұл мәселені тек корейлер өздері ғана шеше алады. Дегенмен екі Корея арасында ынтымақтастықты дамытуға халықаралық қауымдастық та өз үлесін қосуы қажет деген ойдамыз. Сол бағытта еңбек етіп келеміз.

Хабар 24 телеарнасы