423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлыбританияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады

  • 572
Ұлыбританияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады Minval.az

Ұлыбританияда «Сиара» дауылынан «British Airways» компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады. Дүлей желден лайнер әуежайға бірден қона алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақ бірінші талпыныстан кейін көкке қайта көтеріліп, ұшу алаңына екінші рет айналып келіп, бірақ қонды. Оқиға кезінде жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Жалпы «Сиара» дауылынан «British Airways» бірлестігі 140 рейсін кейінге шегерді. Компания сапарға аттана алмай қалған азаматтардың тұруы мен тамақтануын өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы