439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланған отандастарын құшақ жайып қарсы алмады

  • 263
  • UPD: 22:14, 21.02.2020

Кеше Қытайдың Ухань қаласынан 73 адам Украинаға эвакуацияланды. Олардың 23-і шетел азаматы болса, қалғандары украиналықтар. Дәрігерлер Ухань қаласынан кетуге ниет білдірген тағы 3 адамды бортқа кіргізбеді. Мәселен, тексеріс барысында олардың дене қызуы байқалған. Жергілікті биліктің өз азаматтарын елге қайтару шешімі украиналықтардың ашу ызасына келді. Халықтың айтуынша, бұл қадам керісінше аймақта вирустың таралуына септігін тигізеді. 73 адамның барлығы Полтава облысындағы  Новые Санжары елді мекенінде орналасқан ұлттық ұланның медициналық орталығында оқшауланды. Наразы халық елге оралғандарды құшақ жая қарсы алудың орнына жолдарды жауып, барынша көліктен шығармауға тырысты. Осы Новые Санжары тұрғындарының пікірін тыңдап көрейік.

БЛИЦ:

- Киевтен 350 шақырым жолды өтіп, Украинаның біраз жерін жүріп келді. Не үшін халық жақын туратын ғимаратқа қамау үшін әкелді ме? 50 адамды жайғастыратын Украинада одан басқа қауіпсіз жер табылмады ма? 

- Оларды қайтеміз? Келгендерді Жоғарғы Радаға апарыңдар! Балаларымыздың бәрі осы жерде жүр ғой! 

Аида Қыдырбай, тілші: 

- Жергілікті халықтың пікірі екіге бөлініп жатыр. Бірі елді мекендегі ашулы топты жақтаса, бірі Үкіметті даттап әлек. Ухань қаласынан келгеннен кейін  елде дүрбелең басталып кетті. Жалған ақпараттың етегіне ерген ел, Уханнан оралған украиналықтарды өте қауіпті деп есептеп, олар мінген автобусты Полтавск өңіріндегі санаторийге жібермей, өртеп жібере жаздады. Алайда құқық қорғаушылар күш қолданып, жолды тазалаған соң ғана, көлік діттеген жеріне жетті. Терезелері сынды, іштегі жолаушылар болса сыртта тас лақтырған адамдарға керісінше, былай (қолыммен көрсетем) жүрек көрсетіп жылулық танытқан. Неге жұрт мұнша ашулы, неге өре түрегелді? Бір сөзбен айтқанда қазіргі жағдай қандай. Жергілікті тілшілер мен  сарапшылар да осылай деп отыр. 

Татьяна Цирульник, «KOLO.NEWS» Полтавск жаңалықтары сайтының редакторы:

- Автобус санаторий аумағына жеткізілді. Әрине бұл әрекет оңай орындалған жоқ. Қазір жағдай қалыпты. Өрт сөндірілді, аса ашулы 24 адам ұсталды, он тұрғын ауыр жарақат алған. Автобусқа тас лақтырылып, әйнек сынған. Қазір санаторийдің қақпасы жабық, күзет күшейген. Неге күзет күшейді десеңіздер, кеше осы санаторийді өртеп жіберейік деген ұсыныстар ереуілшілер арасында жиі естілген еді. қазір ары қарайғы үкімет әрекеті пысықталып жатыр, денсаулық сақтау министрі карантин аяқталғанша осы жерде болмақ. 

Қазір оқиға орнында Украина Үкімет басшысы мен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жұмыс жасап жатыр. Ел Президенті Владимир Зеленский кешеден бері бірнеше рет халыққа мәлімдеме жасап, елді сабырға шақырып әлек. Дегенмен, сарапшылар бұл биліктің жіберген қатесі дейді. 

Геннадий Кобаль, қоғам қайраткері:

- Әрине бұл жағдай украина қоғамын дүр сілкіндірді. Егер үкімет жергілікті халықты тура тақағанда емес, алдын ала ақпараттандырғанда мұндай бассыздық болмас еді. эвакуацияны бір айға дейін созып жүріп алды, Қытайдан қайтқандар дәл қайда жатқызылатынын да ешкім білген жоқ. бұл жағдай жаңа үкіметтің нақты іс әрекетке дайын емес екенін әшкерелеп берді.

Алайда Новые санжары елді мекеніндегі ашулы топ қазір сабырға келген. Дегенмен жағдай әлі әскерилер мен биліктің жіті назарында. Үкіметтің ең өрескел қатесі -  жергілікті халықпен түсіндіру жұмысы жүргізілген жоқ дегенді айтады сарапшылар. «Қытайдан келген украиналықтар өте қауіпті және оларды қаланың қақ ортасындағы санаторийге орналастырады, бұл бәрімізге жұғады, украина медицинасы онсыз да әлсіз» деп налыған өңір жұртының ашуға жол бергені сондықтан деп түсіндіреді. Әзірге қолда бар ақпарат осы.  

Билік өкілдері Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың дені сау деп халықты сабырға шақырып отыр. Ал, Украинаның денсаулық сақтау министрі болса, карантин уақытында эвакуацияланғандармен бірге болатынын хабарлады. 

Алексей Гончарук, Украина премьер-министрі:

- Бәрі жақсы. Эвакуацияланғандардың бәрінің дені сау. Ауру жұқтырды деуге ешқандай негіз жоқ. Қазір оқшауда жатқан азаматтар өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Украиналықтарға дертті жұқтыру қаупі төніп тұрған жоқ. Себебі ауру белгілері бар тұлғалар тіпті Қытайдан да шығарылмады.

Алексей Кучер, Харьков облысы әкімшілігінің басшысы:

- Біріншіден Украинаға келегн барлық адамдар дың денсдері сау. Олар Қытайда да медециналық тексерістен өтті. Біздің де дәрігерлеріміз тексеріп шықты. Нәтижесінде ауру симптомдары байқалған 4 адам ұшаққа отырған жоқ. Егер оларға коронавиус диагнозы қойылмаса оларды да елге қайтарамыз. Халықты байбалам тудырмауға шақырамын.  

Ал, елге аса танымал, инстаграмм желісінде 7 млн астам адам тіркелген Украиналық дәрігер Евгений Комаровский да мәлімдеме жасап, жерлестеріне ақыл айтып жатыр. 

Евгений Комаровский, дәрігер:

- Ұяттарың қайда, украиналықтар, не істеп жатсыздар?! Мұндай байбаламға жол бермеңіздер. Қытайдан келген адамдардың дені сау, оларға қайта көмектесу керек. Бұл өте масқара, ұят жағдай, дамыған қоғамның әрекеті емес. 

Оңтүстік Кореяда бүгін короновирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Бір түннің ішінде, COVID-19 тағы 52 адамнан анықталды. Жалпы Ухань пневмониясымен ауыратындар саны 156-ға жетті. Олардың 41-і Тэгу қаласында тұрады. Жұрт шаһарды оңтүстік кореялық Ухань деп атап кеткен. Осы індетті жұқтырған ТэгУ қаласының 60 жастағы тұрғыны 7 ақпанда ауруханаға түскен. Басында ол тексерістен өтуден бас тартқан. Осы әйелден бірнеше күнде аурухананың басқа пациенттері мен ол барып жүрген Син-чон-джи шіркеуінің келушілеріне де жұққан екен. Қазір науқас карантинде жатыр. Онымен 166 адам байланыста болғаны анықталды.Жалпы Наурызда Кореяда жаңа оқу жылы басталуы тиіс. Алайда балабақшалар мен мектептердің ашылуы кейінге қалдырылды. Вирус жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты премьер-министр бүгін таңертең шұғыл жиналыс өткізді.  

Чон Се Гюн, Корея Республикасының премьер-министрі:

- Үкімет Тэгу және Чондо аудандарын «ерекше аймақтары» деп белгілеу үшін арнайы шараларды қабылдайды, өйткені вирус расталған жағдайлардың көбі осы аймақтарда анықталды. 

Өңірде вирустың таралмауы үшін жергілікті биліктің қолға алған шаралары ел экономикасына кері әсерін тигізуде. 

Владислав Цой, тілші:

- Бүгін Оңтүстік Корея астанасының мэрі бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде алаңдардағы митингтерге тыйым салды. Осы ережені бұзған азаматтарға 2000 долларға дейін айыппұл салынады. Бұндай шаралар кафелер мен мейрамханалар жұмысына әсер етті. Яғни келушілер саны азайды. Бейжің Сеулдің негізгі сауда серіктесі болғандықтан ірі компаниялар да зардап шегіп отыр. Қосалқы бөлшектерді тасымалдауға байланысты қиындықтар, автомобиль өндірісінің бәсеңдеуіне әкеп соқты. Moody's Ухань пневмониясы Оңтүстік Корея экономикасына теріс әсер етеді деп санайды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы елдің экономикалық өсуінің болжамы 2,1 проценттен 1,9 процентке дейін төмендеді. Оңтүстік Корея үкіметі әуе және көлік компаниялары, туристік фирмалар мен шағын кәсіпорындарды қолдау үшін шамамен 365 миллион доллар жұмсайды. 

Ли Хен Дэ, мейрамхана директоры:

- Біз не істеу керектігін білмейміз. Ертеңгі күн жақсы болады деген үміттеміз. Егер бұл жағдай ұзаққа созылса, оған қарсы тұра алатын ешкім болмайды. Мысалы, Чайнатаундағы дүкендердің 40 проценті қазір жабық. 

Владислав Цой, тілші:

- Жақсы жаңалық та бар. Жақында карантинге жатқызылған 156 адамның он алтысы емделіп шықты. Тағы 139 адам ем алып жатыр. Ал 2707 адам короновирусқа тестілеуден өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы