419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиодағы Disneyland уақытша жабылды

  • 621
  • UPD: 09:54, 28.02.2020
Токиодағы Disneyland уақытша жабылды

Токиодағы Disneyland және DisneySea су паркі жаңа коронавирустың таралу қаупіне байланысты 29 ақпаннан 15 наурызға дейін жабылады.

Бұл туралы Oriental Land басқарушы компаниясы хабарлады.

Жыл сайын 30 миллионнан астам адам келетін Disneyland және DisneySea Токио маңында 118 гектардан астам жерде орналасқан.

Осы аптада Жапония үкіметі коронавирустың таралу қаупіне байланысты барлық мемлекеттік музейлер мен театрлар жұмысын 15 наурызға дейін тоқтата тұратынын мәлімдеді.

Жапонияда коронавирус жұқтырған 919 адам тіркелді, сегіз адам қайтыс болды. Жұқтырғандардың көпшілігі (705) –  Diamond Princess круиздік кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.

Қаңтар айында Шанхайдағы және Гонконгтағы Disneyland те өз жұмысын тоқтатты.

Disney коронавирустың салдарынан $175 млн қаржыдан айырылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы