443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 91 мыңнан асты

  • 200
  • UPD: 09:22, 04.03.2020
Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 91 мыңнан асты express-k.kz

Індет дүниежүзінің 64 еліне таралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертке шалдыққандардың басым бөлігі Қытайда. Бірақ Оңтүстік Корея, Иран, Италияда да вирусты жұқтырғандардың қарасы артқан. Мысалы, Оңтүстік Кореяда науқастардың қатары 5 мыңға жуықтап қалды. Індеттің тез таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдаушылығын білдіріп, әлем мұндай кеселмен алғаш рет кездесіп отырғанын жеткізді.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

- Әлем мұндай вирус бұрын-соңды болмаған. Сондықтан бұдан әрі қалай әрекет ету керектігін біле алмай отырмыз. Себебі, біз қазіргідей тез таралатын әрі аурудың инкубациалық кезеңі ұзақ болатын вирусты ешқашан кезіктірген емеспіз. Бірақ бұл қауіпті дерттің жаппай таралуына тосқауыл қоюға болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы