412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін – сарапшы

  • 411
  • UPD: 14:31, 05.03.2020
Қытайда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін – сарапшы

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін.

Бұл туралы Гонконг университетінің эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Бен Коулинг мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Ол Қытайда коронавируспен күресте оң үрдіс байқалып келе жатқанын атап өтті. Айтуынша, вирусты жаңадан жұқтырғандар саны азайып, елде қалыпты белсенділік біртіндеп қалпына келуде. Бірақ оның пікірінше, індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін.

«Сонымен бірге билік елде эпидемияға қарсы қатаң шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда», - деді сарапшы.

Дегенмен Каулинг коронавирус қаупі әлі де бәсеңдемегенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы