424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда коронавирустан бес адам сауығып кетті

  • 1469
  • UPD: 14:19, 25.03.2020
Өзбекстанда коронавирустан бес адам сауығып кетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың ішінде бес науқас сауығып кетті.

Бұл туралы осы елдің Бас санитарлық дәрігері Бахром Алматов мәлімдеді.

Көрші мемлекетте қауіпті вирусты 55 адам жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың төртеуі кәмелет жасқа толмаған балалар. Қазір 11 азамат орташа ауыр халде жатыр. Бүгінде елде вирустың алдын алудың күшейтілген режимі енгізілді. Осыған байланысты Ташкентке кіріп-шығуға тыйым салынып отыр. Бас шаһарға тек осы қалада тіркелген тұрғындар мен жүк көліктері ғана кіре алады. Бұдан бөлек, республика ішіндегі барлық әуе рейстері тоқтатылды. Сонымен бірге ел астанасы мен облыстар арасындағы теміржол қатынасы да уақытша үзілді.

Бахром алматов, Өзбекстанның бас санитарлық дәрігері:

- Бүгінде коронавирус жұқтырған бес азамат сауықты. Олардың жағдайы жақсы. Дегенмен, біз бұл адамдардың бойында вирустың бар-жоғын тағы екі рет тексеріп аламыз. Сосын 14 күн каратинде ұстаймыз. Содан кейін ғана үйлеріне жіберуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы