411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда коронавирусқа қарсы екі вакцина сынала бастады

  • 228
  • UPD: 10:36, 03.04.2020
Австралияда коронавирусқа қарсы екі вакцина сынала бастады

Австралия ұлттық ғылым агенттігі COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Клиникалық тест Мельбурн маңындағы биоқауіпсіздік зертханасында жүргізілуде. Сынақтың алғашқы кезеңі үш айға созылмақ. Дәрілер алдымен күзендерге егіліп тексеріледі. Тек содан кейін ғана еріктілерге қолданылады. Сынақ вакцинаның тиімділігігі мен адамға дұрыс қолдану әдісін анықтауы тиіс.

Роб Гренфелл, Ғылыми және өндірістік зерттеу ұйымының денсаулық сақтау саласы бойынша директоры:

- Вакцинаны күзендерге егіп тексерудіміздің себебі – бұл жануардың демалу жасушаларындағы рецепторы адамдыкіне ұқсайды. Қазіргі вирус осы рецептормен байланысты. Егер вакцина күзеннің демалу жүйесіндегі вирустың әрекетін тоқтататын болса, оны адамдарға да қолдануға болады.

Хабар 24 телеарнасы