429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания премьер-министрі жансақтау бөлімінде жатыр

  • 953
Ұлыбритания премьер-министрі жансақтау бөлімінде жатыр ОНТ

Коронавирусқа шалдыққан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жансақтау бөліміне түсті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 55 жастағы премьер Сент-Томас ауруханасындағы интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Мамандар науқастың денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында екенін айтады. Джонсонның өзі де твиттердегі жеке парақшасында жағдайының жақсы екенін жазған. Ал Британия үкіметінің ресми өкілдері Джонсонға өкпені жасанды желдету аппараты қосылғанын Ресейдің ақпарат құралдары жарыса жазған хабарды жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, Ұлыбритания премьерінің ауруханаға түскенін естіген өзге елдердің басшылары твиттерде Борис Джонсонға денсаулық тілеп, тез арада оның сауығып кетуіне жылы лебіздерін жолдаған. Ал басшының биліктегі қызметін уақытша елдің сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқаратын болды.

Доминик Рааб, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі:

– Премьер-министр Борис Джонсонның денсаулығы нашарлай бастаған соң дәрігерлердің кеңесімен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол білікті мамандардың бақылауында. Алайда Үкімет басшысының жұмысы тоқтамайды. Елде коронавирустың жайылуын тоқтату үшін барлық тиісті шара қолға алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы