424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Вирус әлем экономикасына айтарлықтай шығын әкелді

  • 607
  • UPD: 15:29, 08.04.2020

Пандемияның салдары жаһан экономикасына ауыр тию мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде әлемнің бірнеше елі қаржы қыспағында қалып отыр. Экономика ғылымының докторы, француз компаниясының басшысы Берлин Иришевтің пікірі осындай. Сарапшының ойынша, карантиннің уақтылы енгізілуі пандемияның ел экономикасына тигізетін зардабын жеңілдетеді. Қазақстан Үкіметінің дер кезінде тиісті шараларды қолға алуы осыған дәлел дейді ол. Жалпы Франция карантиннің салдарынан 60 млрд евро шамасында шығынға батып отыр. Әлемді жайлаған пандемия мен қара алтын бағасының құнсыздануы елімізге де оңай тиген жоқ. Қазір азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін көктемгі егіс жұмыстарына баса мән беру қажет, дейді сарапшы.  

Берлин Иришев, экономика ғылымының докторы, консалтинг компаниясының басшысы:

– Вирустан жаһан жұрты ғана емес, экономика да зардап шегіп отыр. Мүмкін, мұны барлығы толық түсініп жатқан жоқ шығар. Қазір экономикалық ахуал да ауыр халде. Жағдайды тұрақтандыру қажет. Бұған жоспарлы түрде үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Мен осы тығырықтан шығу жолдың қазірден бастап қызу талқыланып жатқанын құптаймын.

Хабар 24 телеарнасы