425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда балабақшалар мен бастауыш сыныптар жұмыс істей бастады

  • 279
Данияда балабақшалар мен бастауыш сыныптар жұмыс істей бастады

Данияда короновирус жұқтырғандардың саны азайып, елде балабақшалар мен мектептердің бастауыш сыныптары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты билік бүлдіршіндерді қорғаудың жаңа талаптарын енгізіп, шектеу шараларын жеңілдетуді қолға алған.

Айта кетейік, Дания – коронавирус тіркеле салысымен алғаш болып көрші мемлекеттермен шекарасын жауып, шектеу шараларын енгізген елдің бірі. Осылайша індеттің кеңінен таралуына тосқауыл қойды. Қазірге дейін бұл елде індетті жұқтырғандар саны 6 мың 600-ден асады. Дерттен 300-дей науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы