422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда карантин тәртібі жеңілдетілді

  • 415
  • UPD: 23:03, 27.04.2020

Алғаш болып шаштараздар, шаруашылық дүкендері, бағбандарға арналған сауда орындары және косметикалық салондар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 мамырда базарлар, мектептер мен өзге дүкендер жұмысын бастайды. Ал үшінші кезеңде, 8маусымнан бастап, үкімет кәсіби оқу орындары мен университтерді ашпақ. Швейцария экономикасына соңғы 45 жылда ең ірі дағдарыс төніп тұр. Карантинның салдарынан қызмет беру саласындағы көптеген компания күйреу алдында тұр. Мейрамханалар мамыр айына дейін жабық болады. Ал сала өкілдерінің есебінше, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының үштен бір бөлігі осы мерзімге дейін жете алмайтын сыңайлы. Сегіз жарым миллион халқы бар Швейцарияда коронавируспен 29 мыңнан астам адам ауырып қалды. Оның бір мың алты жүз қырығы ажал құшты. Дегенмен, соңғы бір айда бұл дерттен қайтыс болғандардың саны азайып келеді.

Одре Шлаттер, Женева қаласының тұрғыны:

– Дүкендерді аралау, мейрамханаға бару, кафеде достармен бірге отыру. Ең алдымен осы маған жетіспей жүрді. Ал карантинде ұнағаны, қазір көшелерде у-шу аз.

Ян Вахтер, Женева қаласының тұрғыны:

– Карантин аяқталысымен жақындарыммен кездесемін. Достарымен бір дастарқан үстінде бас қосып бірге уақыт өткізу, мен үшін ең бастысы.

Натали Фавр, Женева қаласының тұрғыны:

– Алдымен шағын дүкендерді ашып, халық ережелерді қалай сақтайтынын бақылау қажет. Осыдан кейін ғана үлкен дүкендерді ашу қажет.

Хабар 24 телеарнасы