419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияның Avianca әуе компаниясы банкротқа ұшырады 

  • 311
  • UPD: 15:21, 11.05.2020
Колумбияның Avianca әуе компаниясы банкротқа ұшырады 

Колумбияның Avianca ірі әуе компаниясы өзін банкрот деп жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлестік билікке осындай өтініш берді. Себебі, компания наурыз айында коронавирус тарала салысымен рейстерін тоқтатып, шығынға батқан. 20 мың жұмысшысының жалақысын төлей алмады. Бірақ компания Үкіметтің шешімі шыққанша халыққа қызмет көрсетуін жалғастыра бермек. Бірлестік тығырықтан шығу үшін Колумбия билігімен бірге өзге елдердің Үкіметтерімен қаржылай көмек туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы