399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде карантин маусымның 30-ына дейін ұзартылды

  • 94
Перуде карантин маусымның 30-ына дейін ұзартылды Известия

Перу карантин режимін маусым айының 30-ына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елде вирус таралуының бәсеңдемеуі себеп. Қазір мұнда дертке шалдыққандар саны 110 мыңнан асқан. 3 мың 200-ден астам науқас көз жұмды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ауруға шалдыққандардың көбінің дерті жеңіл түрде өтіп жатқанға ұқсайды. Және мұнда вирус көбіне балалар мен қарт адамдарға қауіпті деп отыр. Айта кетейік, Перуде індетке байланысты шектеу режимі наурыз айынан бері осымен бесінші рет ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы