405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда көпшілік мектептердің қайта ашылуын талап етіп отыр  

  • 160
  • UPD: 21:52, 24.05.2020

Италияда 200-ге жуық адам Білім министрлігін қоршап, қыркүйекте мектептердің қайта ашылуын талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұртшылық білім беру саласына қосымша инвестиция құюды да сұрап отыр. Бұл жағдайда ұстаздар мен сыныптар саны артып, бір бөлмеде оқитын бала саны азаяды. Бұл  оқушылардың қауіпсіздігі үшін қажет. Жалпы, елдегі мектептер 5 наурызда жабылып қалған еді. Сөйтіп, балалар қашықтан оқу жүйесіне көшкен. Алайда италиялық отбасылардың 40 процентінде компьютер жоқ болып шықты. Ал 6 процентіне ғаламтор қолжетімсіз. Бұған дейін де жұртшылық Білім министрлігіне мектепті қайта ашу туралы сауал жолдаған. Оған 85 мыңнан аса адам қол қойған еді. Алайда ресми жауап әлі жоқ.

Франческо Гори, мұғалім

– Біз оқушыларды қыркүйекте де қашықтан оқытуды жалғастырғымыз келмейді. Билік мектептерді қайта ашып, ондағы сақтық шараларының күшейтілуін қамтамасыз етсін. Сыныптағы адам санын азайту керек. Ал ол үшін бөлінетін қаржы көлемін арттыруы қажет.

Хабар 24 телеарнасы