423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қауіпті болып танылған Boeing 737 MAX жолаушы ұшағы қайтадан шығарылып жатыр

  • 495
  • UPD: 12:15, 28.05.2020
Қауіпті болып танылған Boeing 737 MAX жолаушы ұшағы қайтадан шығарылып жатыр

Boeing әуе көліктері құрылысы корпорациясы 737 MAX жолаушы ұшағын қайтадан шығара бастады.

Бірақ енді бұл ұшақтың барынша қауіпсіз болуына мұқият назар аударылады.

Компания мәлімдеуінше, ұшақтар Вашингтон штатындағы Рентон қаласында құрастырылып жатыр. Әуе көлігінің ұшу жылдамдығы бастапқыда жоспарланғаннан төмен болады. Сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты жан-жақтан түскен онға жуық ұсыныс ескеріледі.

Ескесала кетсек, 2018 жылғы қазан айында Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX жолаушы ұшағы Индонезия маңайында теңізге құлады. Ұшақта болған 189 адам қаза тапты.

2019 жылғы наурыз айында Ethopian Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX жолаушы ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапты.

Ақыры сол жылғы желтоқсанда Boeing әуе көліктері құрылысы корпорациясы 737 MAX жолаушы ұшағын шығаруды тоқтатты. 

Boeing 

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы