405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы вакцина нарыққа қашан шығады?

  • 172
  • UPD: 08:14, 31.05.2020
Коронавирусқа қарсы вакцина нарыққа қашан шығады?

Қытайда коронавирусқа қарсы вакцина биыл жыл соңына таман не келесі жылдың басында нарыққа шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік мүлікті бақылау және басқару комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Қазіргі уақытта аспан асты елінде коронавирусқа қарсы екпенің 5 түрі клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өткізіліп жатыр. Ол шілдеде аяқталуы тиіс. Тәжірибеге 2500-нан аса ерікті қатысуда. Ал вакцинаны нарыққа шығару үшін ол клиникалық сынақтың үш кезеңінен өтуі керек екен. Бәрі ойдағыдай жүзеге асса, қытайлықтар жылына коронавирусқа қарсы екпенің 200 миллионнан аса дозасын шығаруға ниетті.

Хабар 24 телеарнасы