Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты. Бұл Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. 435 мың 600 науқас Ковид-19 -дан көз жұмса, 3 млн 800 мыңы дертінен айығып шықты.
Коронавирус дерегі ең көп тіркелген АҚШ-та 2 млн-нан астам адам ем қабылдап жатыр. Ал Бразилияда 888 мыңнан астам тұрғын дертке шалдыққан. Көрші Ресей мемлекетінде дімкәс жандардың қатары 537 мыңнан асты. Қауіпті вирустан көз жұмғандардың ішінде АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания елдері көш бастап тұр.